АСТАНА. 3 мамыр. Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер, педагог, домбырашы, КСРО Халық әртісі Шамғон Қажығалиев қайтыс болды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Даңқты дирижердің қазасы туралы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің бөлім меңгерушісі Сержан Мұсайын facebook-тегі парақшасына: «Өте талантты адам, КСРО Халық әртісі, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Парасат» орденінің кавалері Шамғон Қажығалиев дүниеден өтті», – деп жазған.
Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев 1927 жылдың 15 маусымында Батыс Қазақстан облысының Ұялықұм (қазіргі Жаңғала ауданы) ауылында дүниеге келді. Ата-анасынан ерте айырылған ол балалар үйінде тәрбиеленген.
Жаңақазан ауылындағы Киров атындағы Қамыш-Самар мектебінде білім алды. 10 жасында домбырадан облыстық олимпиадада, ал 20 жасында домбырашылардың республикалық байқауында лауреат атанды.
1950 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы қазақ консерваториясының халық аспаптары факультетін тәмамдады. Шамғон Сағаддинұлының жетекшілігімен оркестр М.Глинки, Л.Бетховен, В.Моцарт, Г.Берлиоз, П.Чайковский, С.Рахманинов, С.Прокофьев, А.Хачатурян, Д.Шостакович, А.Жұбанов, М.Төлебаев, Г.Жұбанова, С.Мұхамеджанов сынды атақты композиторлардың шығармаларын орындады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: zakon.kz.
• 03 Мамыр, 2015
Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дирижер Шамғон Қажығалиев қайтыс болды

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше