
- Монакода шахматтан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің шымылдығы түрілді. Дүбірлі додада жерлесіміз Бибісара Асаубаева (2 492 ұпай) өнер көрсетеді. Алғашқы екі кезеңнің нәтижесі бойынша жарыс кестесінде көш бастап тұрған қазақ қызы турнирде Тань Чжунъи (Қытай, 2 561 ұпай), Александра Горячкина (ФИДЕ, 2 546), Хампи Конеру (Үндістан, 2 523), Катерина Лагно (ФИДЕ, 2 515), Харика Дронавалли (Үндістан, 2 489), Александра Костенюк (Швейцария, 2 484), Сарасадат Хадемальшарьех (Испания, 2 458), Элизабет Петц (Германия, 2 428), Батхуягийн Монгонтуул (Моңғолия, 2 331) сынды мықтылармен шеберлік байқасады.
- 26 ақпан – 9 наурыз аралығында Норвегияның Тронхейм қаласында шаңғыдан әлем чемпионаты өтеді. Скандинавия түбегінде Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Дарья Ряжко, Камила Елғазинова, Анна Мельник, Олжас Климин, Константин Борцов, Святослав Матасов, Наиль Башмаков, Владислав Ковалев, Ернар Нұрысбеков, Фёдор Карпов, Виталий Пухкало сынды жерлестеріміз жарыс жолына шығады.
- Еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің екінші айналымында жапониялық Моюка Учижиманы 6:3, 6:2 есебімен ойсырата ұтты. Үшінші кезеңде аса тартысты өткен ойында әлемдік рейтингте 10-орында тұрған испаниялық Паола Бадосадан 4:6, 7:6, 7:6 есебімен басым түсті. Ширек финалда Елена америкалық София Кенинмен шеберлік сынасады.
- 22 ақпанда АҚШ-тың Сиэтл қаласында аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 252 турнирі ұйымдастырылады. Жарыста Николай Веретенников (12-5) те күш сынасады. Жерлесіміз «Джентльмен» деген бүркеншік есімді таңдаған жергілікті файтер Остин Вандерфордпен (12-2) айқасады.
- Нысана көздеуден Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан Азия кубогінде жерлестеріміз 13 жүлде жеңіп алды. Елизавета Безрукова, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, аралас жұп), Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, командалық жарыс), Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ату), Никита Шахторин, Константин Малиновский, Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, командалық жарыс, жатып ату), Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш қалыпта), Юрий Юрков, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш қалыпта, командалық жарыс) алтын алса, Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова, Валерия Попелова (пневматикалық тапанша, командалық жарыс), Валерий Рахимжан (пневматикалық тапанша), Ислам Сәтпаев (пневматикалық винтовка, 10 метр), Никита Чирюкин (жылдам ату тапаншасы), Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш қалып) күміспен күптелді. Александра Ле (пневматикалық винтовка, 10 метр) мен Никита Шахторин (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ату) қола медальді еншіледі. Бәсеке 22 ақпанда мәреге жетеді.
- 26 ақпан – 2 наурыз аралығында Албания астанасы Тиранада жалауы желбірейтін Мұхамет Малоны еске алуға арналған турнирде еліміздің намысын қорғайтын балуандар белгілі болды. Грек-рим күресінен Айбек Айтбеков, Ерасыл Мамырбеков, Ерсін Абыр (55 кг), Аманғали Бекболатов, Исхар Құрбаев (60 кг), Нұрсұлтан Базарбаев, Нұрзат Марат, Олжас Сұлтан (63 кг), Абылайхан Әмзеев, Бағдат Сабаз, Мадияр Мәулетқанов (67 кг), Николай Хапко (72 кг), Изнур Абаев, Елдос Кәмелов (77 кг), Диас Қалтай, Олжас Ерғали, Талас Әшірханов (82 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов, Илимдор Сатаев, Нұржан Асан (87 кг), Айдос Әміров, Ержат Ерланов (97 кг), Олжас Сырлыбай, Асылбек Әбдіхалыққа (130 кг) сенім артылып отыр.
- Оңтүстік Кореяда мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық біріншілігі» басталды. Аталған бәсекеде еліміздің намысын Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Софья Самоделкина, София Фарафонова, Бойсангур Датиев, Гауһар Наурызова қорғайды.