
Болатбек Ұласқанұлы 1982 жылы дүниеге келген. 2008 жылы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін, 2010 жылы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің магистратурасын бітірген. Ал 2013 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінен мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын алған.
2013 жылы Республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында, 2012-2015 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің докторантурасында оқыған.
1999-2002 жылдары Қызылорда облының Байқоңыр қаласындағы «Жәрімбет ишан» мешітінде азаншы, ұстаз, наиб имамы болған. 2005 жылдан 2014 жылға дейін Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде түрлі қызмет атқарған.
2018-2023 жылдары Қызылорда облысының бас имамы, 2023 жылдан Алматы қаласындағы Бостандық аудандық «Байкен» мешінің бас имамы қызметін атқарған.