26 Маусым, 2010

ҚЫЗЫЛАҒАШҚА ОН ҮЙ ҚОСЫЛДЫ

478 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш, Егінсу, Көлтабан елді мекендерін қалпына кел­тіру жұмыстарының тиянағын келтіру аяқталуға жақындап, тұрғындар өздеріне көрсетілген қамқорлыққа алғыстарын айтуда. Елбасының ті­ке­лей тапсырмасымен барша жұршылық жұды­рық­тай жұмылып, үш айдың ішінде ауылды тү­ле­тіп, жаңа Қызылағаштың көркіне көрік қо­сы­лып, сәулеттене түсті. Сәуір айында Қызыл­ағашқа арнайы келген ПФХ “ВN-ІNVEST” ком­па­ниясының президенті Болат Назарбаев жа­бырқаған жұршылықпен жүздесіп,  20 отбасына үй салып беретін болып уәде еткен еді.  Кеше ауылдың батысындағы Жібек жолы көшесіндегі 10 отбасы  мен Асар көшесіндегі 10 отбасы жаңа үйлерге қоныстанып, қуанышты сәттің куәсі болды. Қызылағашқа келген компания президенті Бо­лат Назарбаев жаңа үйлерге қоныстана­тын­дарды құттықтап, ізгі тілегін білдірді: ­–  Қызылағаш ауылын қалпына келтіру бары­сында бірлік болған жерде барлық қиын­дықты жеңуге болатынына көз жетті. Осы  орай­да сіздерге қолұшын беру мақсатымен  құрылыс жұмыстарын бастаған едік. Бүгін кілті тап­сы­ры­латын үйлер  – компанияның сіздерге жасаған сыйы. Жұмыстың басы-қасында болып, құры­лыс­тың тиянағын келтірген орынбасарым Ген­надий Алексеевич пен барлық сәулетшілердің ең­­бегін атап айтуға болады. Кең, жарық  бас­пана құт-береке, бақыт сыйласын.  Осы шаңырақта  өсіп-өніңіздер. Енді жа­ңарған ауылда мұндай қиындық бол­масын, – деді. Бұдан соң облыс әкімінің бірінші орын­басары Амандық Баталов маусым айы­ның соңында елді мекен тұрғындары то­лықтай жаңа баспанаға ие болатынын жеткізді. Қызылағаштықтар мұндай қамқорлыққа риза болса, зейнеткер Рахымжанов өзінің ниетін бы­лай­ша өрбітті. Алғаш қиындық басқа түскенде не істерімізді білмедік. Сол  жағдайды  тұр­ғын­дардың бәрі бастан кешірсе, қазір көңілдегі  кү­дік­тен  арылдық. Жанымызға жылылық ұялады. Ха­лқын қиындыққа қалдырмаған Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевқа алғысымыз шексіз. Аз ғана уақыт бұрын Болат Назарбаев баспана салып беремін деп уәде етсе, құрылысшылар үш ауысымда жұмыс істеді. Соның нәтижесін бүгін көріп тұрмыз, деп ағынан жарылды. Жібек жолы көшесіндегі №1 үйдің иесі Салтанат Рабиғалиева да аналық алғысын айтты. Ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нұрбек Қасымбеков бата беріп, ел бірлігінің арқасында қиындықты жеңіп, бүгінгі жақсылыққа қол жеткізілгеніне тоқталды. Ақ тілектерден соң жаңа үйдің кілтін алған­дар­мен бірге көпшілік жаңадан берілген бірнеше үйге кіріп, дастарқаннан дәм татып, әр шаңы­рақ­қа құт-береке тіледі. Жаңа үйлер асүй жиһа­зы, газ, тағы басқа қажеттіліктермен жабдық­талыпты. Қаз-қатар тізіліп, ауылдың көркін ашқан жа­ңа баспаналардың сыртқы келбеті мен ішкі жо­басы тұрмысқа қолайлы. Әр үйге су және электр желісі тартылып, барлық жағдай жасалыпты. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.