Қоғам • 23 Ақпан, 2025

Ақтөбе облысында малшы жоғалып кеткен

1233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖМ құтқарушылары жоғалған малшыны тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында малшы жоғалып кеткен

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Баршақұм ауылында 1987 жылғы ер адам мал іздеп шығып, қатты боранның салдарынан адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

«Құтқарушылар жедел түрде келіп, іздестіру жұмыстарын төртаяқты құтқарушылардың, қар көлігінің және ТЖМ арнайы техникалардың көмегімен жүргізді. Малшыны құтқарушылар «Егізқара» шаруа қожалығының аймағынан тапты. Аталған азамат медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», делінген мәліметте.