Аймақтар • 25 Ақпан, 2025

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қайтыс болды

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өнеге ауылының маңындағы Казталовка – Жәнібек тас жолында ауыр жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қайтыс болды

Ford Focus көлігі Chevrolet Cobalt-пен бетпе-бет соқтығысқан.

- Апаттан бірер минут бұрын Ford Focus жүргізушісі алдындағы жүк көлігін басып озуға тырысып, қарсы жолаққа шыққан. Екі жүргізуші де, сондай-ақ Chevrolet Cobalt-тағы жолаушы да қаза тапты. Марқұмдар 22, 34 және 37 жаста болған, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті. 

Тағы төрт ер адам БҚО-дағы Жәнібек ауданының ауруханасына жеткізілді, олардың біреуінің жағдайы ауыр. Дәрігерлер қалған үш ер адамның жағдайын орташа ауыр деп бағалайды. Олар хирургия бөліміне орналастырылды.