
Фото: Жоғарғы Сот
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, сотталушылар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден астам пара беруге қала тұрғындарын арандатқаны үшін кінәлі деп танылған.
«Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа – 4 жыл және Наинбаевқа - 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылады», делінген хабарламада.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.