
Фото: Жоғарғы Сот
Атап айтқанда 10-сынып оқушылары 11-сынып оқушыларының нұсқауымен 9-сынып оқушыларын ұрып-соққан. Салдарынан кәмелетке толмаған Сыдық Н. ауыр дене жарақаттарынан көз жұмған.
Аймақ прокуратурасы абайсызда мектеп оқушысының өліміне әкелген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру фактісі бойынша қылмыстық істі Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады.
Тергеу барысында 6 кәмелетке толмаған күдікті қамауға алынған.
«Олардың біреуі ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкелген қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) бойынша сотқа берілді, ал қалған бесеуі ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) және 106-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасауды ұйымдастырғаны (Қылмысты ұйымдастыру, ҚР ҚК 28-бабы 3-бөлігі) үшін жауапқа тартылып жатыр», делінген прокуратура хабарламасында.