Спорт • 26 Ақпан, 2025

Ташкенттегі тартыс

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 ақпан мен 2 наурыз аралығында Ташкентте ранд Слэм турнирі өтеді. 23 мемлекеттен келген 250-ге тарта дзюдошы күш сынасатын жарыста еліміздің 20 балуаны өнер көрсетеді.

Ташкенттегі тартыс

Ерлер арасында бақ сынайтын ең белді балуандарымыз – Мағжан Шамшиддин (60 кг) мен Абылайхан Жұбаназар (81 кг). Олардың екеуі де әр жылдары Гранд Слэм мен Гран-при турнирлерінде атой салып, құрлықтық деңгейдегі додаларда сан мәрте жүлде алды. Тәжірибелері толысқан тарландардың қатарына Есет Қуанов (73 кг) пен Айдар Араповты (90 кг) қосуға болады. Аса ауыр салмақта кезінде «Қазақстан барысы» атанған Еламан Ерғалиевке (+100 кг) ерекше сенім артылып отыр. Сондай-ақ Әлжан Нұрәділ (60 кг), Бомша Ердәулет (66 кг), Ержан Еренғайыпов (66 кг), Бақытжан Әбдірахманов (73 кг), Ермахан Әнуарбек (90 кг), Бейбіт Мәдиев (100 кг), Марат Байқамов (100 кг) жарыс көрігін қыздырады.

Әйелдер арасында Ғалия Тынбаева (48 кг), Есмигүл Куюлова (63 кг), Кристина Сотникова (70 кг), Аруна Жангелдина (78 кг), Назгүл Маратова (+78 кг) сынды сақа спортшылар сайысқа түседі. Олардан бөлек, Ташкент татамиінде Диана Буркеева (48 кг), Құндыз Жылқыбай (52 кг), Бақыт Құсақбаева (57 кг) белдеседі.