Ғылым • 26 Ақпан, 2025

«Казцинк» техникалық университетте ғылыми сессия өткізді

77 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Қазақстан Республикасының тау-кен өндіруші кәсіпорындарының ғылыми-технологиялық дамуы» тақырыбында маңызды ғылыми-техникалық сессия өткізілді. Бұл шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Казцинк» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.

«Казцинк» техникалық университетте  ғылыми сессия өткізді

Сессияның басты мақсаты – Қазақстанның тау-кен өндіруші кәсіпорындарының ғылыми-технологиялық даму бағыттарын талқылау, ғылыми әзірлемелерді коммерциализациялау мәселелерін шешу және ғылыми-зерттеу міндеттеріне қатысты стратегиялық сессиялар өткізу болды. Іс-шараға Қазақстанның 54 жетекші ғалымы, «Казцинк» ЖШС компаниясының 12 сарапшысы, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» өкілдері мен «Қазцинк» компаниясының басшылығы қатысты.
Ғылыми-техникалық сессияның алғашқы күні пленарлық мәжіліс өтіп, онда қатысушылар ғылым мен өндірістің қазіргі жағдайы және оның болашағы туралы өз пікірлерін ортаға салды. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғылым және инновациялар бойынша проректоры Жадыра Қоңырбаева тау-кен өндіруші кәсіпорындарының дамуына оқу орынның алар рөлі, экономиканың кадрларын даярлау, ұлттық инженерлік білім беру моделі, еңбек нарығы мен ШҚО индустриясының қажеттіліктері туралы айтты.
Сөз алған сессияның модераторы О. Мецик ғылыми-технологиялық даму бағыттары мен түйіткілді мәселелерді ортаға салып, талқылады.

дд
Іс-шарада «Бизнесті бағалау және зерттеу мәселелерін тұжырымдау» атты оқыту блоктары өткізілді. Бұл блоктарда қатысушылар технологиялық делдалдық және TРИЗ әдістемесінің элементтері арқылы ғылыми жобаларды бағалауды үйренді.
Екінші күні қатысушылар ғылыми жобалардың прототиптерін әзірлеуге және «Казцинк» ЖШС үшін басым ғылыми жобаларды іріктеуге назар аударды. Қатысушылар өздерінің ғылыми-технологиялық прототиптерін ұсынды, олар сарапшылардың дауыс беруі арқылы бағаланды. Қорытындысында, кәсіптендіру үшін іске асырылатын ТОП-5 ғылыми жоба таңдалды.
Сессия соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырумен бірге, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті мен «Казцинк» ЖШС сарапшыларының пікірлері ұсынылды. Бұл ғылыми-техникалық сессия Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде инновациялық шешімдер әзірлеуге және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға үлкен септігін тигізді.