04 Мамыр, 2015

Атырау облысында аудан әкімі тағайындалды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
тагайындауАТЫРАУ. 4 мамыр. Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен Махамбет ауданының әкімі лауазымына Әлібек Ибатоллаұлы Наутиев тағайындалды. Ол аталған ауданда еңбек жолын бастаған. Әр жылдары Қызылқоға, Құрманғазы және Индер аудандарының әкімі қызметін атқарды. «АИНА» компаниясы директорының орынбасары болды. NCPOC компаниясының жұртшылықпен байланыс бөлімінде маман, ал 2014 жылдан бері облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар