Қазақстан • 26 Ақпан, 2025

Қазақстанда алғаш рет жер сілкінісінен цифрлық сақтандыру енгізілді

101 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін сақтандыру нарығының белді сарапшысы сейсмикалық сілкіністер салдарынан баспана айтарлықтай қирап, мүліктер бүлініп, жоғалған жағдайда сақтандыру төлемдері қалай берілетінін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда алғаш рет жер сілкінісінен цифрлық сақтандыру енгізілді

Егер тұрып жатқан үйіңіз Home Protect полисі арқылы жер сілкінісі қаупінен сақтандырылып тұрса, қандай жағдайда және қандай сомада сақтандыру төлемдерін алуға болатыны туралы «Freedom Insurance» СК» АҚ Басқарма төрағасы Азамат Керімбаев баяндады.

«Рихтер шкаласы бойынша сақтандыру жағдайына магнитудасы 7,5, яки одан жоғары жер сілкінісі салдарынан мүліктің бүлінуі, жоғалуы немесе түгелдей  қирауы жатады. Біз толық қиратылды деп, мүлікті қалпына келтіру мен жөндеу шығындары пәтер құнының 70%-нан асып кеткенде есептейміз. Демек, бұл жөндеуге, тұруға тіпті жарамай қалған үй. Яғни, пәтердің 70%-ы қираса, сақтандыру компаниясы төлем жасайды. Мысалы, жер сілкінісінен кейін пәтердің қабырғасында жарықшақтар пайда болса, бұл сақтандыру жағдайына жатпайды», дейді сақтандырушы.

Ал Home Protect полисі бойынша жер сілкінісі қаупінен сақтандырудың ұқсас басқа өнімдеріне қарағанда, үйдің толық құнын өтейтінін айта кету керек. Мысалы, пәтердің құны 100 миллион болса, онда төлем осы сома көлемінде болады.

Ендігі жерде сақтандыру сомасы онлайн қызметтер негізінде автоматты түрде есептеледі. Бұл өнім тек Алматы қаласында орналасқан пәтерлерге арналған, өйткені оңтүстік мегаполис ең сейсмикалық белсенді аймақтардың біріне жатады. Пәтерді тек меншік иесі ғана сақтандыра алады. 

«Егер сіздің үйіңіз ипотекаға алынған болса, онда осы полисті сатып алған кезде сізге оны рәсімдеген банк  бенефициар болады. Яғни, сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру төлемін осы банк алады. Барлық дерлік кепілдікке қойылған өнімдерінің жұмыс істеу қағидаты осындай – несие алған кезде мүлікті кепілдікке қойсаңыз, көбінесе банк пайда көруші, яғни сақтандыру төлемін алушы болады. Атаулы өнім бойынша сақтандыру төлемін пәтер иесі алады. Сондықтан, егер пәтеріңіз ипотекаға рәсімделген болса, онда бұл мәселені банкпен міндетті түрде келісіп алған жөн», дейді сарапшы.

Дегенмен, сақтандырудың тағы бір шарты: пәтер 2011 жылдан кейінгі, темірбетон монолиттен салынуы тиіс. Бұл өнім бойынша компания рәсімдей алатын полистердің саны шектеулі көрінеді. «Алдағы уақытта оған сұраныс артатын болса, біз полистер санын көбейтуді қарастырамыз», дейді маман. 

Полисті онлайн, компанияның сайтында рәсімдеуге болады – https://ffins.kz/ru/pages/home-protect. Ол үшін ЖСН деректері ғана қажет. Егер сіздің атыңызға бірнеше пәтер тіркелген болса, онда тұрғын үй тізімі экранға шығады да, сақтандырғыңыз келетін пәтерді таңдауыңыз керек. Әрі қарай тұрғын үйдің құны анықталады, ол құн сақтандырушының жауапкершілігінің лимиті болып есептелінеді. Сақтандыру сыйақысын есептеу тұрғын үй құнына тікелей байланысты. Төлемнен кейін сақтандыру сертификаты поштаға және сайттағы жеке кабинетке келеді. 

«Өткен жылы Алматыда болған жер сілкінісінен кейін нарықта сақтандырудың осы  түріне сұраныс бар екенін түсіндік. Біз әрекет жасап, жойқын жер сілкінісінен тұрғын үйге келтірілген шығынның орнын толтыра алатын өнім әзірледік», дейді Азамат Керімбаев. 

АЛМАТЫ