
Оның өзіндік себебі бар. Кәсіпқойлар арасындағы кезекті жекпе-жегін өткізетін Халоков Испанияға аттанып кетсе, Муйдинхуджаев жарыс қарсаңында жарақат алған екен, қазір ем-дом қабылдап жүр. Сөйтіп, Серік Теміржанов пен Төрехан Сабырхан жекпе-жекке шықпай-ақ ширек финалда күш сынасу мүмкіндігіне ие болды. 67 кг салмақтағы Санатәлі Төлтаев болгариялық Мехмед Эмирджанды еңсерсе, 57 кг салмақтағы Дәулет Молдашев әзербайжандық Залимхан Сулеймановтан жеңілді.
Келесі күнгі жарыс көңілсіздеу басталды. Бекзат Алдамжаров (51 кг) Нике Каммингстен (Франция) ұтылып қалды. Көп кешікпей рингке шыққан Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) Владислав Лисовыйдың (Болгария) екі аяғын бір етікке тығып, көңіл күйімізді көтеріп тастады. Одан кейін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) Саба Ткебучаваны (Грузия) үшінші, Ерасыл Жақпеков (80 кг) Икбал Умаисты (Пәкстан) бірінші раундта ұрып жықты. Нұрбек Оралбай Мануэль Жечевті (Болгария) айқын басымдықпен жеңсе, Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) Акмалжон Исроиловты (Өзбекстан) үш минутқа жеткізбей шаруасын бітірді. Айбек Оралбай да (+92 кг) өз жекпе-жегін ұзаққа созбады. Ол Тахир Абдул Вакабты (Пәкстан) нокаутқа жіберді.
Әйелдер арасындағы жарыста Гүлнәр Тұрапбай (50 кг) Окли Келсиді (Англия), Айдана Забынбекова (57 кг) Николина Чачичті (Хорватия), Аружан Жанғабаева (63 кг) Диана Чифраны (Мажарстан) жолынан ығыстырса, Анастасия Баязитованың Ли Сянге (Қытай) әлі жетпеді.
Кеше Фаррух Тохтасынов (71 кг) Патрик Хьюитпен (Англия), Нұрбек Оралбай (86 кг) Скотт Тигнмен (Англия), Бекзад Нұрдәулетов (86 кг) Абулайе Трайоремен (Франция), Айбек Оралбай (+92 кг) Идемуиа Годстайммен (Ирландия), Нұрлан Сапарбай (+92 кг) Женвей Вангпен (Китай) күш сынасты. Сондай-ақ тағы бірнеше бұрымдымыз өздерінің алғашқы кездесулерін өткізді.
Бүгін Санжар Тәшкенбай (51 кг) Луис Рунимен (Ирландия), Теміртас Жүсіпов (51 кг) Сұбхан Мәмедовпен (Әзербайжан), Даниял Сәбит (51 кг) Давид Джапаридземен (Грузия), Тимур Қабдешов (54 кг) Ксинмин Мамен (Қытай), Махмұд Сабырхан (54 кг) Башкин Баджокумен (Косово), Оразбек Асылқұлов (57 кг) Оуэн Харрис-Алленмен (Уэльс), Абылайхан Жүсіпов (71 кг) Олексий Ширяевпен (Беларусь), Тимур Нұрсейітов (75 кг) Расим Чобанлимен (Әзербайжан), Азамат Бектас (80 кг) Луки Аймуфуамен (Аустрия) айқасады. Талғат Сырымбетов (60 кг) пен Сабыржан Аққалықовтың (75 кг) қарсыластары кейінірек белгілі болады.