Бокс • 27 Ақпан, 2025

Махмұд Сабырхан бүгінгі жекпе-жекке шықпайды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Странджа кубогінің бүгінгі жарыс күнінде 54 келіде Махмұд Сабырхан жеребе бойынша косовалық Бажоку Башкимге қарсы жұдырықтасуы тиіс еді. Десе де Қазақстан бокс федерациясы ел боксшысының бүгінгі кездесуге шықпайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Махмұд Сабырхан бүгінгі жекпе-жекке шықпайды

Фото: olympic.kz

Федерация мәліметінше, дәрігерлер осындай шешім шығарған. 

«Тағамдық инфекция. 3 наурызға дейін жарыстарға қатыспайды», делінген медициналық анықтамада.

Ал халықаралық турнирдің жеңімпаздары 2 наурыз күні өтетін финалдық бәсекелерде белгілі болады.