АСТАНА. 4 мамыр. Көкшетау қаласындағы жанармай құю бекеттерінің біріне қарақшылар шабуыл жасады. Бетперде киген белгісіз екеу бекетке басып кіріп, кассадағы ақшаны алып кеткен. Алайда, көп кешікпей күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы newskaz.ru хабарлады.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқиға 2 мамырда болған. Түнде қаладағы «Есіл» жанармай құю бекетіне екі ер адам баса-көктеп кіріп, операторды ұрып-соққан. Соңында кассадан ақша алып, кетіп қалған.
Қылмыс болған жерге ішкі істер департаментінің жетекшілері мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, прокуратура және криминалдық полиция қызметкерлері арнайы барды. Тәртіп сақшыларының жедел іс-әрекеті нәтижесінде екі күдікті қолға түсті.
Қазіргі таңда «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еламан Қоңыр.
Дерек: newskaz.ru.
Сурет: gazeta.a42.ru.
• 04 Мамыр, 2015
Көкшетауда жанармай құю бекетіне қарашылық шабуыл жасалды

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше