04 Мамыр, 2015

Астана қалалық мәслихаты Жақсыбековтің кандидатурасын қолдады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
4-05-2015-zhaksybekov 01АСТАНА. 4 мамыр. Бүгін елордада Астана қаласы мәслихаты V шақырылымының кезектен тыс 51-сессиясы өтті. Күн тәртібінде елорда әкімін тағайындау мәселесі қаралды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz хабарлады. Сессия барысында мәслихат депутаттары Мемлекет басшысының Астана қаласы әкімі қызметіне Әділбек Жақсыбековті тағайындау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады. «Ең алдымен, көрсетілген сенім үшін алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының сайлаудағы жеңісімен баршаңызды құттықтаймын. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Өздеріңіз білетіндей, Президент бес институционалды реформаны жариялады. Оларды жүзеге асыру үшін барлығымыз бірдей жұмылуымыз керек. Елорданың көрікті келбетін одан әрі қалыптастырып, Елбасының бағдарламаларын іске асыруға тиіспіз, – деді әкім. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: astana.gov.kz.