Оқиға • 28 Ақпан, 2025

Блогерлер өз еркімен 73,6 млн теңге салық төледі

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Блогерлер өз еркімен 73,6 млн теңге салық төледі

Фото: Ерлан Омар

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бүгінде барлығы 854 блогерге «кірісті төмендету» бойынша заң бұзушылықтар үшін 71,9 млрд теңге сомасында камералдық бақылау туралы хабарламалар жіберілген. Оларды орындау мерзімі – 30 жұмыс күні. 

«71,9 млрд теңге көлеміндегі айырмашылықтар төленбеген салықтардың сомасы емес екенін атап өткен жөн. Көрсетілген айырмашылық сомалары блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, салықтардың есептелуі мен төленуі салық заңнамасында белгіленген тиісті ставкалар бойынша ұсынылған декларацияларға сәйкес жүзеге асырылады. 

«Камералдық бақылаудың мәні – салық төлеушіге табыстарын өз еркімен декларациялап, есептелген салықтарды төлеуге немесе анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда түсіндірме беруге мүмкіндік беру», деп хабарлады ведомстводан.