26 Маусым, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмиді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қ.Мәми Елбасына елдегі заңды­лық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы баяндады. Соны­мен қа­тар су шаруашылығы құ­рыл­ғыла­рын­да, сондай-ақ азамат­тық авиа­ция саласында қауіп­сіз­дікті қам­та­масыз етуге байла­ныс­ты тапсырма­лар­дың орындалуы туралы хабарлады. Тексерулер нәтижелері бой­ын­­ша осы нысандардың мен­шік иелеріне гидробекеттер құрып, олар­ды құтқару құралдарымен жабдықтау және су деңгейін басқару жүйелеріндегі ақауларды жою жөнінде ұйғарым шыға­рыл­ды. Уәкілетті және жергілікті ат­қа­рушы органдарға 77 су шаруа­шы­лығының құрылғылары бой­ын­ша шара қабылдау тапсы­рылды. Мемлекет басшысы Бас прокурорға Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түрмеден қашқан сотталушыларға қатысты мәселені жеке бақылауға алуды тапсырды. Бас прокурор Мемлекет бас­шы­сына қылмыскерлердің түрме­ден қашуына жол берген қыз­мет­керлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.