Қоғам • 02 Наурыз, 2025

Қазақстан халқы VIP нөмір алуға 15,8 млрд теңге жұмсаған

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылы Қазақстан тұрғындары автокөліктің VIP нөмірлерін сатып алуға шамамен 15,8 млрд теңге жұмсаған деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан халқы VIP нөмір алуға 15,8 млрд теңге жұмсаған

Елімізде VIP-нөмір саналатын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне сұраныс әлі де жоғары. ІІМ ұсынған ақпаратқа сүйенсек, былтыр қазақстандықтар әйдік нөмірлер алуға шамамен 15,8 млрд теңге жұмсаған. Бірінші санаттағы нөмірлер ең жоғары сұранысқа ие болып қала берген.

Сандар мен әріптердің бірегей комбинациясынан құралған тіркеу нөмірлері автокөлік иелері арасында аса өтімді. Ресми статистика болмаса да жүргізушілердің көбі бірінші санаттағы нөмірлерді таңдайтыны байқалған. Олардың бағасы 224 мың теңге мөлшерінде. Бұл санатқа 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 комбинациялары енгізілген.

VIP-нөмір сатып алушылар еліміздің үш мегаполисінде көп кездеседі. Мәселен, алматылық жүргізушілер 4,9 млрд теңгеге «крутой нөмір» сатып алса, астаналықтар 2,5 млрд теңгеге, шымкенттіктер 2 млрд теңгеге әдемі нөмірлер алған.