Аймақтар • 03 Наурыз, 2025

Қызылордада есірткіге қарсы логотиптер байқауы өтті

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы алғаш рет студенттер мен оқушылар арасында есірткіге қарсы логотиптер байқауын ұйымдастырды. Байқауға креативті және ерекше 48 жұмыс ұсынылды.

Қызылордада есірткіге қарсы логотиптер байқауы өтті

Конкурсқа қатысушылар қысқа уақытта «Қызылорда облысы есірткіге қарсы!» және «Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы» эмблема-логотипін жасап шықты. Ұсынылған жұмыстардың көркемдік деңгейі мен ерекше идеяларды ескеріліп, әдетегідей 3 орын емес, он жүлде белгіленді. Осылайша байқауға қатысушыларға үш бірінші, үш екінші және төрт үшінші орындар берілді.

Бірінші орынды Шиелі ауданының №127 мектеп-лицейінің оқушысы Мақсат Рыспанбетов, Арал ауданының №14 орта мектебінің оқушысы Еркебұлан Қосанов және Шиелі ауданының №244 орта мектебінің оқушысы Бексұлтан Тілеуберген иеленді. Екінші орынға Аяулым Қорғанбек (Жалағаш ауданының №188 орта мектебі), Еркебұлан Аябек және Әсет Қуаныштың (Сырдария ауданының №№132,44 орта мектептері) жұмыстары лайық деп танылды. Үшінші орын жүлдесін Аян Құрбан (Шиелі ауданының №244 орта мектебі), Қуаныш Қасымов (Арал ауданының №260 орта мектебі), Данияр Оразбаев (Қармақшы ауданының №269 орта мектебі) және Гауһар Абдулахан (Жаңақорған ауданының №110 мектеп-лицейі) алды.

Полицейлердің айтуынша ең үздік жұмыстар ресми логотип ретінде қабылданады.

Соңғы жаңалықтар