Бокс • 03 Наурыз, 2025

Әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9-16 наурыз аралығында Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Әйелдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды

Фото: Сали Сабиров

Қазақстан әйелдер құрамасын халықаралық додаға бас бапкер Елдос Сайдалин бастап барады. 

Қазақстан бокс федерациясы осы бокс бәсекесінде ел намысын қорғайтын құраманы анықтады: 

48 келі. Назым Қызайбай
50 келі. Алуа Балқыбекова
52 келі. Анита Адишева
54 келі. Жайна Шекербекова
57 келі. Карина Ибрагимова
60 келі. Виктория Графеева
63 келі. Аида Абикеева
66 келі. Жасмин Кизатова
70 келі. Наталья Богданова
75 келі. Надежда Рябец
81 келі. Гулсая Ержан
+81 келі. Елдана Талипова

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының алдында Алматы облысында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп, дайындығын пысықтаған.