
Фото: Видеодан скрин
Бопсалаушылар тобы ұлын босату үшін әйелден 200 мың теңге талап еткен.
Полиция әйел айтқан ақпарат негізінде күдіктілердің жолын Көкшетауда кесті. Олар мінген көлік 1 наурыз күні қаладағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Автокөлік туралы ақпарат дереу патрульдік жасақтарға жіберіліп, жүргізуші мен жолаушылар полицияға жеткізілген.
Тінту кезінде бір жолаушыдан 45 түйіншек табылған. Полиция табылған заттың синтетикалық есірткі болуы ықтимал екенін мәлімдеді. Әзірге түйіншектер сараптамаға жіберілген.
Тағы екі күдікті бопсалау фактісіне қатысты тергеліп жатыр.