
Фото: Ашық дереккөз
Негізгі мерекелік бағдарламалар 21-22 наурызда қаланың алаңдарында, сондай-ақ 14 тұрғын алапта өтеді. Аудан әкімдіктері мен Мәдениет басқармасының қолдауымен концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар, жәрмеңкелер мен театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, елордалықтар мен қонақтар үшін қолөнер көрмелері, ұлттық тағамдар фестивальдері, спорттық жарыстар және Наурыздың дәстүрлі салт-дәстүрлерін насихаттайтын шаралар қарастырылған.
Айта кетейік, Наурыз мейрамына жұмсалатын қаржы жергілікті бюджеттен және демеушілердің қолдауымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта іс-шараларды өткізуге қажетті қаражат көлемі нақтыланып жатыр.
Биылғы Наурыз елордалықтар үшін кең ауқымды бағдарламамен, түрлі мәдени және ойын-сауық іс-шараларымен ерекшеленбек. Ұлттық мейрамды жоғары деңгейде атап өту үшін қала әкімдігі барлық қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.