
Фото: ua.depositphotos.com
Оқу-жаттығу жиынында су тасқыны кезеңінде атқарылуы тиіс іс-қимылдар пысықталып, құралдар дайындалады.
Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Сондай-ақ, аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында еліміздің 9 өңірінде 6 наурыз сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады.
Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырды.