Қоғам • 05 Наурыз, 2025

Түркістан облысында полиция қызметкері қаза тапты

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында полиция қызметкері қаза тапты

Фото: facebook.com/erzhansadenov

Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитов қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан. 

«Қызметтік міндетін атқару барысында құқық бұзушыны қуу кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің жол-патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын», делінген министр жазбасында.