Оқиға • 05 Наурыз, 2025

Қар құрсауында қалған мұнайшылар құтқарылды

26 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға – Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданының Сағыз ауылынан 20 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қар құрсауында қалған мұнайшылар құтқарылды

Фото: Видеоскрин, ТЖМ.

Урал автокөлігіне мінген мұнай компаниясының жұмысшылары қар құрсауында қалып қойған.

Көмекке ТЖМ қызметкерлері «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен шықты.

Қар басқан жолмен бірнеше шақырым жол жүрген құтқарушылар Сағыз ауылына 10 адамды эвакуациялады, ешкім зардап шекпеген.