«Таза Қазақстан» • 06 Наурыз, 2025

Қоршаған ортаның жас қамқоршылары

247 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жайқалған жасыл көшет­тер әуеліде, балғын күйінде ыдысқа отырғызылып, тамырланғанша күтіп-бапталады. Мұндай жұ­мыс­қа қазір орманшылар ғана емес, мектеп оқушы­лары да тартылып жүр. Бұл да болса – «Таза Қазақстан» жалпыха­лықтық акциясы аясында атқарылып жатқан игілікті шараның бірі.

Қоршаған ортаның жас қамқоршылары

Жақында Ка­тон­қарағай мек­теп­терінің оқушы­лары орманшылармен бірлесіп, ыдысқа Сібір шыршасының тұқымын екті. Оқушылар әуелі аға буынның нұсқауымен шырша тұқымы бүр­шіктерден алып, арнайы ерітін­дімен өңдеді, ең сапалы дегендерін ірік­­теп алды. Содан кейін барып, өздерінің есімі жазылған контейнерлерге отырғызды. Шаруа мұнымен аяқталмайды. Алдағы уақытта өскіндерді Ка­тон­қарағай ұлттық паркінің тұқым бағына отырғызып, инс­пек­­торлармен бірге күтім жасайды. Көшеттер өсіп-жетілген соң әркім өз көшетін мектеп аума­­ғына көшіреді.

Жалпы, 2025 жылдың басынан бері мектеп орманшы­лықтарында 600-ге жуық тұқым отырғызылды. Жыл соңына дейін 1000 тұқым егу межеленген. Көктем шыға оқушылар акция аясында тұ­қымнан бөлек, 4000 дана сібір шыршасын отыр­ғызуды жоспарлап отыр.

ва

– Катонқарағай ұлттық пар­кінде барлығы 10 мектеп орман­шылығы бар. Мектеп орман­шылықтары өскелең ұрпақтың экологиялық мәдение­тін қалып­тастыру, табиғи мұра­ны сақтау, оқушыларды қор­шаған ортаны қорғауға шақы­ру мақсатында құрылған. Мұн­да оқушылар та­би­ғат туралы теориялық білім алып қана қой­май, тәжірибе жа­ғын да мең­гереді, – дейді орманды қалпына келтіру инженері Гүлжаз Аман­баева.

Мектеп орманшылықтары табиғатты қорғау хақында тәр­бие берумен қатар аумақтар­ды көгал­дандыру, ормандарды қал­пы­на кел­тіру, жергілікті тұрғын­дар ара­сында экологиялық құнды­лық­тарды насихаттауда да үл­кен жұ­мыс атқарады. Бұл акция әсіресе жаһандық эколо­гия­лық сын-қатерлер дәуірінде аса маңызды.

 

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 09:50

Жаңақорғанда макарон шығады

Өндіріс • Бүгін, 09:35

Дегдар сөз иесі

Жансарай • Бүгін, 09:30