Ауа райы • 07 Наурыз, 2025

Жеті облыс аумағында автожол бөліктері жабылды

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» бүгінгі сағат 08:30 жағдай бойынша 7 облыстағы 7 республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеті облыс аумағында автожол бөліктері жабылды

Фото: «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы

Ақмола облысы: - «Астана-Қарағанда-Алматы» автожолының 1291-1353 шақ., ( Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Абай облысы: - «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).

Атырау облысы: - «Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақырымы, (Атырау қаласы - Махамбет ауылы дейін).

Шығыс Қазақстан облысы: - «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс).

Қарағанды облысы: «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолы: - 1353-1426 шақ., Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін. - 1610-1855 шақ., Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейін. - 1505-1610 шақырымы, Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін.

Қостанай облысы: - «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 252-340 шақырымы, (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін).

Ұлытау облысы: «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолы: - 137-252 км, Ұлытау ауылы - Қостанай облысының шекарасы. - 37-137 км, Сәтбаев қаласы - Ұлытау ауылы.

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 803 арнайы техника мен 1859 маман жұмылдырылды.