10 Ақпан, 2015

Телефон арқылы сөйлесті

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшылары екі­жақ­ты ынтымақтастықтың, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелерін талқылады. Владимир Путин өзінің Гер­мания және Франция көшбас­шы­ларымен 6 ақпанда Мәскеуде өткен келіссөздерінің қорытындылары, сонымен қатар, «норманд форматында» 8 ақпанда телефон арқылы өткізген келіссөздері жөнінде айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде 11 ақпанда өткізу жоспарланған төрт­жақты келіссөздер Украина қақ­­ты­ғысын реттеу жолдарын із­дес­­тіру ісінде мәмілеге келуге мүм­­­кін­­дік беретініне сенім білдірді. Бұдан бөлек, Ресей эконо­ми­ка­сындағы уақытша қиындықтарға байланысты мемлекет басшылары өзара сауданың ағымдағы мәсе­лелерін талқылады. Екі ел үкі­мет­теріне өзара тиімді шешімдер әзір­леу жөнінде тапсырма берілді.