Спорт • 08 Наурыз, 2025

Әбиба – Гран-при чемпионы!

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдо шебері Әбиба Әбужақынова Аустрияда өтіп жатқан Гран-при жа­рысында чемпион атан­ды. Қазақстан дзюдо федерациясы баспа­сөз қызметінің хабарлауынша, ол финалда жапониялық Сачио Ёшиномен белдесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Әбиба – Гран-при чемпионы!

Сурет: olympic.kz

Әйелдер арасында 48 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз іріктеу кезеңінде Мизуки Хараданы (Жапония), ширек финалда Спрингер Жаклинді (Аустрия), ал жартылай финалда Амбер Херсьесті (Нидерланд) ұтты.

Бұл – Әбиба Әбужақынова­ның жаңа маусымдағы алғашқы жарысы әрі алғашқы алтыны. Бұған дейін ол Үлкен дулыға тур­нирінің 4 дүркін қола жүл­дегері, 2023 жылы Португалияда өткен Гран-при жарысында топ жарған болатын. Сонымен қатар жерлесіміз бұған дейін әлем чемпионаты мен Азия ойын­дары­нан қола жүлде  олжалаған еді. Қоржынында құрлық додасының күмісі мен қола медалі де бар.

Аустрияда дзюдодан өтіп жатқан Гран-при кезеңіне әлемнің 52 елінен 416 балуан қатысып жатыр.