
Сурет: basagro.kz
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы АҚ мамандары ғарыштық спутниктер арқылы алынған деректер ауыл шаруашылығы саласында егін, жайылымдық жерлердің жай-күйін мониторингтеу, су тұтынуды бағалау үшін қалай қолданылатынын түсіндірді. Олар жерді қашықтықтан зондтау деректері арқылы жүргізілген ауыл шаруашылығы жерлерінің мониторингінің нәтижесін ұсынды.
Презентация қорытындысы бойынша министр ұлттық компания ғарыштық мониторинг деректері мен АШМ қалыптастырған ақпаратты салыстырмалы бағалау жүргізуді тапсырды. Бұл тапсырма ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін, пайдаланылуын бағалауға арналған бірізді тәсілдерді қалыптастыруға, сондай-ақ егістік алаңы, өнімділік және су тұтыну бойынша есептердегі айырмашылықтарды нақтылауға бағытталған.
Кездесу барысында агроөнеркәсіп кешені (АӨК) үдерістерін автоматтандыру және цифрландыруға бағытталған цифрлық платформалар таныстырылды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты геокеңістік деректерді беруге арналған «Agrospace» платформасы да бар. Жалпы алғанда, сала басшысы ғарыштық мониторингті АӨК секторында қолдануды әрі қарай кеңейтудің маңыздылығын айрықша айтып өтті.