10 Ақпан, 2015

Қостанай облысында екі қалада индустриялық аймақ құрылады

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_0354ҚОСТАНАЙ. 10 ақпан. Қостанай  мен Жітіқара қаласында индустриялық аймақ құрылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жітіқара қаласында бұл үшін инфрақұрылым жұмыстарының 70 пайызы бітіп тұр, қалған жұмыстарын жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Ал Қостанай қаласында индустриялық аймақ жобасының әзірге 400 гектар алаңды алып жатқан техникалық-экономикалық негізі қаланды. Бұл жобаның құрылысы 10.3 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде өндірістік-сметалық құжаттамалары 215 миллион теңгені құрап отыр. Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк: «Қостанай қаласындағы индустриялық аймақты біз көлік-логистикалық орталық болады деп межелеп отырмыз», деді. Индустриялық аймақтар құру облыста өндірісті кластерлік негізде дамытуға, аймақтық жалпы өнімді ұлғайтуға, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құру есебінен жұмыссыздар қатарын қысқартуға мүмкіндік беретін болады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz. DSC_8339