26 Маусым, 2010

АБАЙ ТӘЖІК ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕДІ

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Хакім Абайдың “Қара сөзде­рімен” енді тәжік бауырларымыз да танысатын болды. Жақында “Пан­днома” деген атпен жарық көрген кітаптың тұсаукесері Душанбе қала­сындағы Журналистер Одағы үйінде өтіп, оған тәжік елінің зиялы қауымы, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Кітапты тәжік тіліне аудару және бастырып шығару – бұл Тәжікстандағы Қазақ­стан елшілігі мен Тәжікстан Жур­на­листер Одағының және “Тәжікстан-Қазақстан” достық қоғамының бір­лесіп ұйымдастырған жобасы. Жинақты оқырман қауымға та­ныстыра келе Тәжікстандағы Қазақ­станның төтенше және өкілетті ел­шісі Әбутәліп Ахметов Абайдың шығармашылық мұрасы шет тілдерге бірнеше мәрте аударылғанын атап өте келе кітаптың Тәжікстан жоғар­ғы оқу орындары мен ұлттық кітап­ханасына сыйға тартылатынын да жеткізді. Ал осы жинақтың жарыққа шығуы Тәжікстанның Мәдениет ми­нистрі Абдугаффар Абдужаббаров­тың пікірінше, екі елдің өзара дос­тық байланысын, ынтымақ­тастығын бұрынғыдан да жақындата түспек. Тұсаукесерде сөз алған аудар­ма­шы, публицист, абайтанушы Фат­хулло Азизов бұл кітаптың арқауы – адамгершілік тақырыбы екенін атап өтіп, жаңа кітаптың ішінен біраз үзінділер оқыды. Ол осы қара сөздерді аудару барысында бірқатар үзінділерін жергілікті басылымдарға жариялаған екен. Тәжік бауырлар бірден қызығушылық танытыпты. Сондай-ақ Тәжікстан-Ресей уни­верситетінің профессоры Әбдусаттар Нұралиев өз сөзінде Абайдың шы­ғар­маларының тәжіктің классикалық шығармаларына жақындығын тілге тиек етті. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.