Заң мен Тәртіп • 13 Наурыз, 2025

10 сотық жерге қарасора өсіргендер ұсталды

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлініcінің қызметкерлері құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

10 сотық жерге қарасора өсіргендер ұсталды

Фото: depositphotos.com

Арнайы операция барысында үш адам ұсталды. Жалға алған үйдің аумағында жүргізілген тінту нәтижесінде қарасора өсіруге арналған ауданы 10 сотық жылыжай табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 900 килограмды құрады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«2025 жылдың басынан бастап заңсыз айналымнан екі тоннадан астам есірткі, оның ішінде 120 кг синтетикалық есірткі, 600 грамм кокаин және 140 кг-нан астам гашиш тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр»,  деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.