
Аңыздың айтуынша, бұл мүсін жолындағы тікенектерге қарамастан жарыстан бірінші болып келген әйгілі спарталыққа арналған. Кішкентай жүйрік табанындағы қан қақсатқан жарақатқа қыңқ етпей, мәреге жетіп тынғанша жарыс жолынан шыққан жоқ. Оның ерік-жігеріне тәнті болған замандастары қайсарлық пен төзімділікті ұлықтау үшін осындай ескерткіш орнатқан.