Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:07

«Менің сол аяғым»

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирландиялық жазушы һәм суретші Кристи Браун отбасындағы 22 баланың оныншысы болып дүниеге келген. Ол туғаннан сал ауруына шалдыққан.

«Менің сол аяғым»

Дәрігерлер оны өмір бойы қозғала алмайтын мүгедек жандардың санатына қосқанымен, сәбидің анасы еш үміт үзбеген. Керісінше, жігерлене түсіп, баласына сол аяқпен жазуды үйретеді. Кейінірек сурет салуға да бейімделген. Қолдары жұмыс істемейтін Браунның тұңғыш кітабында «Менің сол аяғым» деп аталады. Бұл туынды кейін фильмге айналып, жұртшылықтың ықыласына бөленді. Осылайша, Браун өмірдің сынағына мойымай, ерік-жігердің ерекше үлгісін көрсетті.