Елорда • 14 Наурыз, 2025

Астанада жаңа стадион салынады

1176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.

Астанада жаңа стадион салынады

Фото: үкімет

Аталған стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан, толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Спорт нысаны қозғалыс мүм­кіндігі шектеулі азаматтарға арналған орын­дарды қоса алғанда, 3 598 орын­ға есептелген. Стадион UEFA халық­аралық стандарт­тары­на сай салынады. Құрылыс аяқтал­ған­нан кейін нысанды Астана қаласы әкімд­ігінің №8 олимпиадалық резервтегі маман­дан­ды­рыл­ған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр.

Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі. Оны пайдалануға берілуі оқу-жаттығу үдерісін жақсартуға, спортшыларды дайындауға оңтай­лы жағдай жасауға және олардың нәтиже көрсету мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді.

Бүгінде түрлі өңірлерде әлеу­меттік маңы­зы бар 16 нысан салуға Арнаулы мем­ле­кеттік қор­дан 82 млрд теңгеден астам қар­жы бөлінді. Атап айтқанда, 1 му­зы­­ка­­лық мектепті қоса алғанда 7 мек­теп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана ке­ше­ні, об­­лыст­ық жедел жәрдем стансасы, Арнау­лы әлеу­­мет­тік қызмет көрсету орталығы, жатақ­­­хана және 2 балабақша бар. Соны­мен қатар қаражат Қызыл­орда облы­сын­дағы Арал ауданында сумен жабдық­тау жүйелерін салуға және жаңғырту жұмыстарына бағытталды.