Ғалам ғажаптары • Кеше

Жасанды жүрек

1081 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралиялық дәрігерлер әлемде алғаш рет науқасқа толыққан­ды жасанды жүрек орнатты. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі ­хабарлады.

Жасанды жүрек

Технологияны аустралиялық ғалым Дэниел Тиммс ойлап тапқан. Оның айтуын­ша, бұл – адам жүрегін толық алмас­тыра алатын алғашқы құрылғы. Күрделі операция өткен жылдың қарашасында Сиднейдегі Сент-Винсент ауруханасында жасалып, алты сағатқа созылған. Жақында науқас емханадан шығарылды. Енді ғалымдар жасанды жүректі ағза алмастыру саласында тұрақты қолдануды жоспарлап отыр.