Аймақтар • 19 Наурыз, 2025

Түркістанда туристік форум өтті

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістанда «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» атты республикалық туристік форумы өтті. Форумға Орталық Азия елдерінің туризм саласындағы бизнес өкілдері мен қолөнершілері қатысты. 

Түркістанда туристік форум өтті

Аталған форум  қаланың мән-маңызын тағы бір мәрте айшықтап, түркі елдерінің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған. Бұл іс-шара мәдени, тарихи байланыстарды нығайтып қана қоймай, ұлы бабалар жолын жаңғыртуға да септігін тигізеді.

Форум аясында қазақтың ұлттық өнері дәріптеліп, қолөнер шеберлерінің туындылары, ұлттық тағамдар, ерекше этно-фестивальдер форумның ажарын аша түспек. Түркістанның бұл күндері бір ғана қала емес, тұтас түркі жұртының басын қосатын рухани мерекеге айналатыны анық.

Түркі әлемінің түп тамырынан сыр шертетін бұл басқосу – тек қана туристік емес, мәдени және рухани сабақтастықтың айғағы. Өткенін қадірлеген елдің болашағы жарқын болмақ. Түркістанға келген жан ата-баба аманатына бір табан жақындай түсері сөзсіз.