Мереке • 21 Наурыз, 2025

«Самұрық-Қазына» тобында Наурызнама онкүндігі кеңінен аталып өтіп жатыр

44899 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Наурыз – жаңа жылдың бастауы, көктем мен жаңарудың, жақсылық пен ізгіліктің мерекесі, ұлттық құндылықтар сақталып, дәріптелетін кезең. Еліміз үшін ұрпақтар сабақтастығын жалғап, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтып, салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын маңызды мейрам.

«Самұрық-Қазына» тобында Наурызнама онкүндігі кеңінен аталып өтіп жатыр

Наурызнама «Самұрық-Қазына» компаниялары тобында кеңінен аталып өтіп жатыр. 255 мыңнан астам адам жұмыс істейтін компанияның ірі шаһарлармен қатар, өңірлердегі бөлімдері мен кәсіпорындарында қайырымдылыққа, инклюзивті бағдарламаларды дамытуға, мә­дени мұраны сақтап, на­си­хаттауға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Салт-дәстүрлер мен ел тарихына құрмет көрсетіп, қызметкерлер ұлттық киім киіп, қайырымдылық істеріне белсенді қатысып, ұлт болмысының көрінісі жаңғырады.

а

«Наурыз – жаңару мен мол­шы­лық­тың, бірліктің рәмізі. Бұл мейрамның біз үшін маңызы зор. Ол қазақ халқының қонақжайлығын, татулығын көрсетеді. Өткен күнді саралап, болашаққа жаңа мақсаттар қоятын кезең. Наурызнама онкүндігі аясында бірқатар әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырдық: Астана қаласында ерекше балаларға арналған инклюзия кабинетін, Ақмола облысында спорт кешенін аштық. Мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциялары өтіп жатыр. Жалпы, компаниялар тобы бойынша 300-ден астам шара ұйымдастырылды»,  деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шарада.

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» тобы экологиялық жобаларға ерекше мән береді. Мәселен, еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 250-ден астам ағаш отырғызылды. Былтыр бұл бас­тама бойынша 113 мыңнан астам жасыл желек егілсе, биыл тағы 138 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр. Наурызнама аясында қорға қарасты компанияларда 10 мыңнан астам қызметкердің қатысуымен алдағы күндері ауқым­ды сенбіліктер өтеді.

ап

Портфельдік компаниялардың қыз­меткерлері мерекелік шараларды шығар­машылықпен ұйымдастырып, бір кісідей жұ­мылып, жоғары дең­гейде атап өтті. Мәселен, «Қазақстан темір жолы» ұлттық ком­паниясы ел бойынша этноауылдар ұйымдастырды, ал жұмысшылар бала­лар үйлері мен қарттар үйле­ріне барып, көмек көрсетті. Ал «QazaqGaz» ұйымы шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, беташар рәсімін көрсетті және «QG Games: Nauryz» спорттық-зияткерлік тур­нирі мен өзге де іс-шараларды өткізді.

«Самұрық-Энерго» және «Kegoc» ұйымдары болса киіз үйлер құрып, түрлі байқаулар, челлендждер, ұжымдық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды, балалар мен қарттар үйлеріне азық-түлік, керекті заттар алып берді.

Ал «Тау-Кен Самұрық» ком­пания­сының қызметкерлері ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіп, қайы­рымдылық шараларына қа­тысты. «ШалқияЦинк» ұжымы Жаңақорған ауылында киіз үй тігіп, аға буынға құрметпен еңбек сіңірген жұмысшының отбасына барып, мерекемен құттықтады.

апр

«Қазатомөнеркәсіп» компания­сы да бірқатар қайырымдылық, экологиялық және мәдени шаралар өткізді. Сондай-ақ құрылыс саласындағы «Samruk-Kazyna Construction» ұйымы ұлттық киімдер байқауы мен асық ату сайысын өткізіп, аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетті.

Осылайша, Наурызнама онкүн­дігінің әр күнінде өткізілген іс-шара­лар ұжымдық бірлікті нығайтып, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз бен тарихымызды құрметтеп, өскелең ұрпаққа өнеге болу жолында маңызы зор екенін көрсетіп отыр.

Наурыз – көктем мерекесі ғана емес, ел бірлігінің, ізгіліктің, жаңа­ру­дың, жаңа кезеңнің белгісі. Ұлттық әл-ауқат қоры сияқты ірі бизнес қауымдастығының әлеумет алдындағы жауап­кер­шілігі мерекені тойлап, қа­йы­рымдылық акцияларын өткі­зу­мен шектелмейді. Ол ұлт­тық құн­ды­лық­тарды сақтай отырып, жаңа көзқарастағы әділ әрі үйлесімді қоғам құруға бағытталған жүйелі жұмысты қамтиды.

 

Әсемгүл НҰРАХМЕТОВА