Үкімет • 21 Наурыз, 2025

Келісімдер қаралады

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Келісімдер қаралады

Палатаға ратификациялық заң жобаларының топтамасын қарау ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Респуб­ликасы Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қор­ғау жөніндегі келісім 2024 жыл­ғы 19 сәуірде Астана қала­сында жасалды. Бұл құжат инвес­тиция­лық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасауға, тіке­лей шетелдік инвестициялар тартуды ынталандыруға және тараптар мемлекеттерінің эконо­микалық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшы­лығы арасындағы Хатшылық­тың Қазақстан Республикасы­ның аумағында болуы шарттары тура­лы келісімге енгізілетін түзету­лер жөніндегі Хаттама Хат­­шы­лық қызметкерлерінің мәр­­тебе­сіне, азаматтығына қара­мас­тан олардың жеңілдіктері мен иммунитеттерін кеңейтуге және болу жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Тағы бір келісімде Америка Құрама Штаттары Үкіметіне Алматы қаласында АҚШ консул­дық мекемесінің үй-жайларын салу үшін 70 мың шаршы метр­ден аса жер учаскесін 49 жыл мерзімге жалға беру тәртібі мен шарттары белгіленеді.