Қоғам • 23 Наурыз, 2025

Майдангер қаламгерге құрмет көрсетті

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің оқытушылары ҰОС ардагері, ардагер журналист Мүтәліп Ережепбаевпен кездесіп, ғасыр жасаған ардагердің ақ батасын алды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Майдангер қаламгерге құрмет көрсетті

Майдангер қаламгер университет оқытушыларымен кездесу барысында соғыс даласындағы сұрапыл күндер туралы естеліктерімен бөлісті. Өз кезегінде университеттің «экономика және бизнес» факультетінің деканы Ж. Қуатбеков, «экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі Г. Исақов, және сеньор-лектор Ж. Махашева ардагерді мамыр айында өтетін жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.

Өз кезегінде ғасыр жасаған ардагер қаламгер университет оқытушыларына ризашылығын жеткізіп, ақ батасын берді.

Тараз