
Республиканың әр аймағынан іріктелген балуандар 14 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде белдесті. «Abay Open» турнирінің ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Аймақ басшысы құттықтау сөзінде спортшыларға сәттілік тілеп, дзюдо күресін жастар арасында дамытудың маңызына тоқталды.
«Өңірімізде дзюдо спорты қарқынды дамып келеді. Аймақ спортшылары Қазақстан чемпионатында топ жарып, Азия және ел чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап жүр. 2025 жылы Қазақстан чемпионатының Семей қаласында өтетінін зор қуанышпен айтқым келеді. Бұл біз үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Біздің мақсатымыз – дүбірлі доданы жоғары деңгейде өткізіп, еліміздің үздік дзюдошыларына әділ әрі тартысты жарыс ұйымдастыру» деді облыс әкімі.
Абай елінің дюздошылары соңғы жылдары табысты өнер көрсетіп жүр. Биыл Ақтөбе қаласында өткен Қазақстан чемпионатында облыс құрамасы екі алтын, үш күміс, екі қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын иеленді.
Спорттық шарада жарыс жеңімпаздарын облыс әкімі өзі марапаттады.
«Abay Open» республикалық турнирінің алғашқы жарыс күнінің қорытындысы:
60 кг: 1.Мирас Таңатқан (Қарағанды облысы).2.Диас Таңатқан (Қарағанды облысы). 3.Данил Сұлтанхан (Астана қаласы). 3.Сұңғат Нұрлатұлы (Абай облысы).
66 кг: 1.Ақжігіт Насыр (Алматы облысы).2.Қанат Сейілхан (Атырау облысы). 3.Әділет Жолекеш (РКС). 3.Мерей Маханбетов (Маңғыстау облысы).
73 кг: 1.Әнуар Жұмагелдин (Абай облысы).2.Алмас Ғалымов (Абай облысы). 3.Мұрат Жаңабаев (Қостанай облысы). 3.Есхат Тұрсынбек (Абай облысы).
48 кг: 1.Аяулым Тұрдеке (Маңғыстау облысы).2.Айдана Хасенқызы (Маңғыстау облысы).3.Фатима Әбішева (Абай облысы). 3.Айзат Наукенова (Қарағанды облысы).
52 кг: 1.Меруерт Сәрсенова (Маңғыстау облысы). 2.Сандуғаш Темірбек (Ақтөбе облысы).3.Іңкәр Төлепбергенова (Жетісу облысы). 3.ГузальАюпова (Алматы).
57 кг: 1.Карина Карекенова (Абай облысы).2.Аяулым Қайрат (Қарағанды облысы). 3.Ботагөз Әділханова (Абай облысы). 3.Ұлдана Үсейн(Шымкент).
63 кг: 1.Зарина Сарипова (Абай облысы).2.Шырын Қадырсыз (Алматы облысы). 3.Саяжан Өзбек (Жетісу облысы). 3.Нұрай Жеңіс (Жетісу облысы).
Жарыстың екінші күнінің қорытындысы:
81 кг: Әділет Алмат( Ақтөбе облысы). 2. Ерзат Арғынов (Абай облысы). 3. Әділет Ахметқали (Алматы қаласы). 3. Оразгелді Оралов (Алматы қаласы).
70 кг: 1.Мөлдір Нарынова (Жетісу облысы). 2. Ұлдана Қожаназарова
(Маңғыстау облысы). 3. Күлзира Мамбетова (Қостанай облысы). 3. Гүлнүр Баханова (Ақтөбе облысы).
90 кг: Нұржан Бейсенов (Ақтөбе облысы). 2. Айбол Нысанәлі
(Шымкент қаласы). 3. Серікбол Естай (Абай облысы). 3. Ұлан Алтаев (Қарағанды облысы).
78 кг: 1.Анастасия Нагачевская (Алматы қаласы). 2. Томирис Ерғали (Қарағанды облысы). 3. Бақыткүл Омарова (Шымкент қаласы). 3. Жансая Кабимуллина (Қостанай облысы).
100 кг: 1.Ислам Бозбаев (Қарағанды облысы). 2. Қасиет Қарқын (Абай облысы). 3. Қазбек Ракишев (Алматы қаласы). 3. Дархан Жүнісхан (Алматы қаласы).
+78 кг: 1.Айымзада Думанқызы (Атырау облысы). 2. Толқын Тұрсынақынова (Астана қаласы). 3. Алина Өмірбек (Шымкент қаласы). 3. Ақнұр Әшіммырза (Шымкент қаласы)
+100 кг: 1. Илияс Қалидолда (Алматы қаласы).2. Санжар Жабборов (Алматы қаласы). 3. Нұрсұлтан Қаблан (Қостанай облысы). 3. Жасұлан Халхабаев (Астана қаласы).
Аталған жарыс барысында елімізде дзюдоның дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін Қазақстанға Еңбек сіңген жаттықтырушы Айдар Қайырбаев пен Виталий Сопов «Дзюдо тарланы» төсбелгісі және Қазақстан дзюдо федерациясының алғыс хатымен марапатталды.