Алматы • 27 Наурыз, 2025

Күй кернеді көшені

1894 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз мейрамында қаланың 8 ауда­нында мыңнан астам оқушы респуб­ликалық акцияға қатысып, бір мезетте домбырамен күй тартты.

Күй кернеді көшені

Ұлттық киім киген жас күйшілер «Адай», «Балбырауын» және «Ерке сылқымды» тартып, қала көшелерін ерекше әуезге бөледі. Өскелең ұрпақ бойын­да рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық музыкалық мұраны сақтау мен насихаттауды мақсат еткен игі шара жас домбырашылардың басын қосып, дәстүрлі музыканың ерекшелігін паш етті.

Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған музыкалық іс-шаралар әлі де жалғасын таппақ. Концерттер, театр қойылымдары, спорттық жарыстар мен жәрмеңкелерге дайындық аяқталып, қала көшелері мерекеге сай безендірілді. «Көк-Төбе» саябағында, Абай алаңында, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Арбат, Астана алаңында Нау­рызнама онкүндігі аясында жүзден астам түрлі іс-шара  өтеді деп жоспарланған.

 

АЛМАТЫ