«Таза Қазақстан» • 27 Наурыз, 2025

195 мың ағаш көшеті егіледі

143 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» эколо­гиялық акциясы сәтімен жалғасып жатыр. Ай­наланы жасыл желекпен көмкеру мақсатында «TazaLike» акциясы ұйымдас­тырылды. Оған өңір басшысы Ербол Қарашөкеев бастап, мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, барша азаматтар атсалысты.

195 мың ағаш көшеті егіледі

Суреттерді түсірген – Ақәділ РЫСМАХАН

Қоршаған ортаны қор­ғау, экологиялық мәде­ниетті қалыптастыру мақсатында қолға алынған акция аясында «Бәйтерек» шағын ауданындағы №3 мектеп-лицей маңына 150 көшет отырғызылды. «TazaLike» акциясы содан соң еліміздегі ең ірі шағын аудан санатына енген «Ұлы дала» ықшам ауда­нында жалғасты. Ресми дерек­ке сүйенсек, «Ұлы дала» ша­ғын ауд­а­нында 500 дана көшет егілді.

«TazaLike» акциясы одан әрі «Таза қала» іс-шарасына ұласты. Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қа­лаларының тұрғындары бұл күні күл-қоқыстарды шығарып, арық-атыздар мен арналарды қо­қыстан тазартты.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметі келтірген дерекке жү­гінсек, «TazaLike» акциясы 20 сәуірге дейін жалғасады. Оған өңірдің барлық ауданы үлес қосады. Өңір басшысының орынбасары Қанатбек Мәдібектің айтуынша, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында биылғы жылы да ауқымды жұмыс атқарылады. Өңірде көгалдандыру жұмысына 1,2 млрд теңге қаржы қарастырылған.

«Облыс орталығы Тараз қала­сында «Jambyl Cement» ком­паниясының ықпал етуімен 3,6 мың, «Тараз металлургиялық зауыты» ұжымының қолдауымен 10 мың көшет отырғызу жоспар­ланған», дейді Қ. Мәдібек.

Сарысу ауданы аумағында ор­наласқан «Qazaq soda» ком­паниясының өкілдері 27 мың көшет отырғызуды меже тұтып отыр. Жергілікті әкімдіктің ықпал етуімен басталған бастама аясында ұжым экомәдениетті қалыптастыруға, сақтауға барынша үлес қоспақшы. Жалпы, экологиялық акцияға үлес қосуға бекінген бірқатар компания мен зауыт өкілдерінің көп күттірмей, іске қызу кірісіп жатқаны көңіл қуантады.

ап

Наурызнаманың тазару күні аясында да бірқатар жұ­мыс атқарылды. Саябақтар мен көшелерде тазарту жұмысы жүр­гізілді. Облыстық жастар ресурстық орталығының ықпал етуімен, «Жасыл ел» ерікті­ле­рінен жасақталған жастар облыс орта­лығындағы «Денсаулық» сая­бағын­дағы арық-атызды, күре жол бойындағы күл-қоқысты тазалады.

Өңірдегі көгалдандыру жұ­мысы ілкі сәтке де тоқтамақ емес. Биыл Тараз қаласы мен аудандарда 195 мың көшет отырғызу жоспарланған екен. Сондай-ақ егілген көшеттерді цифрландыру жұмысы да жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр.

«Жалпы алғанда бүгінгі күн­ге дейін «Болашақты бірге отырғызамыз» акциясын өткізіп үлгердік. Нәтижесінде, 28,9 мың көшет егілді. Оған 381 мектептің 47,8 мың білім алушысы атсалыс­ты. Қолға алынған «Үлгілі ауыл», «Үлгілі аула» байқаулары арқылы өңір тұрғындарының қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауына ден қою жоспарымызда бар», дейді Қ.Мәдібек.

Жақында жоспарға сәйкес Тараз қаласындағы «Әулиеата» ауданында «Таза аула – таза қа­ла» акциясы өткізілді, өңірдің бір­қатар ауданында «Таза аула» іс-шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде, үздіктер анықталып, марапатталды.

Жалпы алғанда, өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық акция­сы аясында бірқатар ауқымды іс-шара өткізу көзделген. Сани­тарлық тазалық, абаттандыру, көгалдандыру жұмысына 8,3 млрд теңге сомасында қаражат қарас­тырылған. Бөлінген қар­жы есебінен тарихи-мәдени ескерт­кіштердің төңірегін, саябақ пен сквер аумағына тазалық жұмысын жүргізуге, абаттандыру жұмысын іске асыруға басымдық берілмек.

«Өңірдің «Жасыл белдеу» жос­парына сәйкес атқарылатын жұмыс аз емес. Биыл 195 мың жасыл желек отырғызылады. Сон­дай-ақ егілетін көшеттерді күтіп ұстау, оларды суару жүйе­сімен қам­­тамасыз ету, қоршау ор­нату жұ­­мыс­тары да басты назарда болады.

Өңірдің елді мекендеріндегі жасыл желекті күтіп-ұстау, қор­ғау қағидаларына сәйкес, Тараз қаласындағы ағаштарды цифр­ландыру мақсатында 40 млн теңге қаралып, 48,6 гектар аумақтағы 30 018 дана тал-дарақ есепке алынды», дейді Қ.Мәдібек.

 

Жамбыл облысы