
Фото: Видеодан алынған кадр
Алдын ала мәлімет бойынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл жүргізушісі жолаушысымен бірге бордюрге соғылып, салдарынан жол жиегіндегі бағдаршам бағанасына ұшып кеткен.
Жасөспірім ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Ал жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.
Куәгерлердің айтуынша, марқұм жуырда ғана өзіне жаңа мотоцикл сатып алған. Бұл ақпаратты онымен бірге мотоәуесқойлар чатында болған жергілікті тұрғын мәлімдеді.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.