«Таза Қазақстан» • 27 Наурыз, 2025

«Бизнестегі пластиксіз күн» акциясы өтті

82 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аталған акция «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында  өтті.

«Бизнестегі пластиксіз күн» акциясы өтті

Эко-хабпен бірге ұйымдастырылған бастамада қала мейрамханалары, дүкендері және басқа компаниялар пластик қалдықтарды азайтып, қайта өңдеу үшін бірікті.

Бизнесті науқанға тартуда қала кафелері мен мейрамханаларында ecocoin бағдарламасы іске асты. Қала тұрғындары бір рет қолданылатын пластикалық ыдыстармен емес, үйден өз сусындарын әкелді. Экологияға қосқан үлесі үшін алғыс ретінде қатысушыларға эко-хабта қайта өңделген пластиктен жасалған кәдесыйлар мен брелоктарға айырбастауға болатын арнайы ecocoin монеталары табыс етілді.

Алматы Эко-хабының негізін қалаушылардың бірі, эколог Евгений Мұхамеджановтың айтуынша, ecocoin науқаны тұтынушылар жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстың бір бөлшегі ғана.

«Тұрғындарға қоқыс тастап, қоршаған ортаны ластамау, қайта өңдеуден әлдеқайда тиімді екенін ескертеміз. Бірқатар дамыған елдерде бір реттік ыдыстарға тыйым салынған. Алматыда да осы қағидаттарды енгізуге тырысамыз. Алда ecocoin жүйесіне кафелер мен мейрамханаларда көбірек тартып, науқандату міндеті  тұр. Сондай-ақ заттардың, яғни киім, аяқ киім, тұрмыстық техниканың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін экокоиндерді көтермелеу мүмкіндігін қарастырамыз. Қала тұрғындары пластик бұйымдардан қаншалықты бас тартса, қоршаған орта соғұрлым таза болады. Сондықтан экологияға әркімнің қосар үлесі бар. Әрбір эко бастама саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі» дейді ол.

Эко-хаб ресайклинг пен апсайклингті белсенді түрде насихаттайды. Ресайклинг жаңа шикізатты қайта өңдеуге мүмкіндік береді, мысалы, жаңа өнімдер жасау үшін пластикалық бөтелкелерді ерітеді. Апсайклинг ескі заттарға жаңаша реңк береді, яғни қайта өңделген материалдардан ерекше заттар жасауға болады.

Ұйымдастырушылар тазалық компаниясын кеңейтіп, оны бизнестің жаңа салаларына енгізуді жоспарлап отыр.