«Таза Қазақстан» • 28 Наурыз, 2025

Экоакцияларға 88 мың адам қатысқан

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік өңірлерде және Атырау облысында жүргізілген шара – «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде өткізілді, деп жазады Egemen.kz

Экоакцияларға 88 мың адам қатысқан

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Ауқымды акция аула, саябақ, сквер, көше, қоғамдық орындарды қоса алғанда, қалалық аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізуге бағытталып, оған жергілікті тұрғындар, оқушылар, кәсіпорын өкілдері, студенттер қатысты.

800 тоннадан астам қалдық жиналып, 23 мыңнан астам жасыл желек отырғызылған. Іс-шараға 88 мыңға жуық адам қатысқан, олардың 2 мыңнан астамы еріктілер.

Айта кетсек, 27 наурызда тағы 3 акция басталды:

«Таза кәсіп – таза аймақ» аясында оңтүстік және батыс өңірлердегі бизнес-субъектілердің аумақтарын жинау және көгалдандыру ұйымдастырылып жатыр. «Қала үшін ағаш» акциясы шеңберінде өңірлердің кәсіпорындары ортақ пайдаланылатын аумақтарға ағаштар отырғызса, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда «Таза аймақ» акциясы басталып, оның шеңберінде барлық 14 ЕҚТА және оған іргелес елді мекендердің аумақтарында наурыз-сәуір айларының соңғы күндері тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025