Тағзым • 29 Наурыз, 2025

Ақын әлеміне саяхат

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қарағанды ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Жұмекен – қазақ поэзиясының алтын сандығы» атты библио микс іс-шарасы өтті. Оған 2 «а» сынып оқушылары қатысты.

Ақын әлеміне саяхат

Сурет: adebiportal.kz

Биыл аса көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжі­ме­деновтің туғанына 90 жыл толады. Шалқар дарын иесі ә дегеннен қазақ поэзиясына өз үнімен келді. Оған жаңаша өрнек қосты. Оның өлеңдерінен ғана емес, поэ­маларынан философиялық тереңдікті, парасаттылықты көресіз. Прозаға да қалам тербеп, сүйекті шығармалар жазды. Сондай-ақ Жұмекен Нәжімеденов – мемлекеттік әнұран авторларының бірі. Ақынның замандасы біртуар тұлға Мұқағали Мақатаев: «Жұмекен жұмбақ ақын. Тамырын тереңге салған, ойға бай, тілге сараң суреткер. Ақын Жұмекен, жұмбақ Жұмекен біздің поэзиямыздың бү­гін­гі де, ертеңгі де орнына мықтап жайғасқан», деп көзі тірісінде жоғары баға­ла­ған.

Мазмұнды шара бары­сында оқушылар айтулы тұлғаның өмірімен, шығар­ма­шылығымен жақын та­ныс­­ты. Ақын кітаптарына биб­­лио­графиялық шолу жүр­­гізді. Сонымен бірге қа­быр­­ғалы қаламгердің туын­­­ды­ларын жатқа оқыды. Мем­­ле­кеттік әнұранды орын­дады.

Сөйтіп, жас оқырмандар бірегей суреткердің шы­ғармашылық әлеміне саяхат жасады.

 

Гүлжауһар ЕСЕНТАЕВА,

Қарағанды ауылдық кітапханасының қызметкері

 

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы