Оқиға • 31 Наурыз, 2025

Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Алматыда жұмыс орындарын ашудың өңірлік картасы аясында 87 226 жаңа бос жұмыс орнын ашу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Фото: Ашық дереккөз

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жұмыспен қамту шараларымен 32 мың адамды қамту жоспарланған. Оның 10,6 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылса, 8,7 мыңы субсидияланған жұмысқа орналасады.

Сонымен қатар 7 мың адам enbek.kz платформасында қысқа мерзімді курстардан өтіп, «Bastau Business» жобасына қатыса алады. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) гранттар да қарастырылған.

Алматыда өткен жылы 84,7 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейінің 4,8 пайыздан 4,6 пайызға төмендеуіне ықпал еткен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде 379 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 50 мың жұмыс орны ашылған еді.